​«Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының сайлауалды штабының жұмысы қорытындыланды

Ұлытау облысында мәслихат депутаттарын сайлау науқаны аясында құрылған облыстық және аумақтық штабтардың жұмысы қорытындыланды.

Өңірде барлығы 6 штаб филиалы жұмыс істеді. Оның бірі – облыстық, бесеуі қала мен аудандарда құрылды. Штаб мүшелерінің жалпы саны 163 адамды құрады. Оның ішінде 63-і облыстық штаб құрамында болды. Штаб жұмысына өңірдің құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы өкілдері, зиялы қауым, заңгерлер мен жастар белсенді қатысты.

Сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде ақпараттық жұмыстарды жүргізу үшін облыс бойынша 48 арнайы орын белгіленді. Атап айтқанда, 30 билборд, 6 LED экран, 6 ситиборд және бірмандатты округтер бойынша кандидаттарға арналған 6 LED экран пайдаланылды.

19 күнге созылған үгіт-насихат жұмыстары барысында бекітілген желілік кестеге сәйкес облыс көлемінде 1405 іс-шара өткізіліп, 58 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

Партиялық тізім бойынша тұрғындарға 29 616 дана А3 форматындағы плакат, 17 366 лифлет және 18 500 парақша таратылды. Жалпы саны 65 482 дана ақпараттық материал арнайы орындарға, сондай-ақ рұқсат етілген дүкендер мен супермаркеттерге орналастырылды.

Сайлау науқаны барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да жүйелі жүргізілді. Әлеуметтік желілерде 395 материал, сайттар мен пабликтерде 255 мақала жарияланды. Сонымен қатар алты газетте партия әзірлеген ақпараттық модульдер жарық көрді. «Ұлытау» телеарнасында қазақ және орыс тілдерінде бейнероликтер күнделікті көрсетілді.

Сайлау күні әрбір сайлау учаскесіне бір сенімді өкіл мен бір бақылаушыдан бекітіліп, жалпы 234 адам жұмылдырылды.

Сонымен қатар штаб жұмысы аясында ақпараттық-түсіндіру кездесулерінде Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазанда жарияланған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары да кеңінен түсіндірілді.

Атап айтқанда, «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Жезқазған мұнай құбыры басқармасында еңбек ұжымымен кездесу өткізіліп, мұнайшыларға Жолдауда белгіленген басым міндеттер таныстырылды.

Жолдау жарияланғаннан бері жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде «Астана» телеарнасында, «Түркістан», «Айқын», «Литер» басылымдары мен интернет-ресурстарда 30 материал жарияланды. Өңірдегі қоғамдық пікір көшбасшылары да әлеуметтік желілерде Жолдаудың маңыздылығын түсіндіретін жазбалар жариялап отырды.

Бүгінгі күнге дейін 141 бастауыш партия ұйымының 6 мыңға жуық мүшесін қамтыған 178 кездесу өткізіліп, Жолдаудың негізгі бағыттары түсіндірілді.

Осылайша, Ұлытау облыстық және аумақтық штабтары сайлауалды үгіт-насихат науқанында жоспарланған жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып, тұрғындармен кездесулер, ақпараттық-түсіндіру шаралары мен қоғамдық байланыс бағытында ауқымды жұмыс атқарды.

Штаб жұмысының қорытындысы шығарылып, сайлауалды науқан аясындағы міндеттер орындалды. Ұлытау облыстық сайлауалды штабтың жұмысы ресми түрде аяқталды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

—
16:28
17

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020