​Тұрғындардан 69 талап-тілек тіркелді

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар сайлауалды науқан аясында тұрғындармен жеке кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесулер барысында азаматтар түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтеріп, өздерін толғандырған сұрақтарын жеткізді.

Нәтижесінде Ұлытау облыстық партия филиалына тұрғындардан 69 талап-тілек пен өтініш тіркелді.

Партия филиалы азаматтардан түскен өтініштерді назарға алып, оларды зерделеу және шешу жолдарын қарастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізетін болады. Сондай-ақ көтерілген мәселелердің орындалу барысы бақылауда болады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

—
16:21
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020