​Ұлытау облысында сайлау күні сегіз инватакси қызмет көрсетеді

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Ұлытау облысында мүгедектігі бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес барлық сайлау учаскесі дауыс беру орындарына кедергісіз кіруге мүмкіндік беретін пандустармен және тұтқалармен жабдықталған.

Сонымен қатар сайлау күні мүгедектігі бар азаматтарға сегіз инватакси қызмет көрсетеді. Оның үшеуі – Жезқазғанда, екеуі – Сәтбаевта, бір-бірден Қаражал қаласында, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында жұмыс істейді.

Барлық сайлау учаскесінде мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қажетті материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған арнайы бұрыштар ұйымдастырылады. Сайлау туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында аудиоматериалдарды орналастыру көзделген.

Қабылданып жатқан шаралар мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған.

—
16:16
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020