​«Есіктен есікке» акциясы аясында Ақтас кентінің тұрғындарымен кездесу өтті

«Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов Ақтас кентінің тұрғындарының үйлерін аралап, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Аралау барысында кандидаттар тұрғындармен ашық пікір алмасып, елді мекеннің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен талап-тілектерін тыңдап, көкейде жүрген сауалдарына жауап берді.

Халықпен тікелей байланыс орнату, тұрғындардың мұң-мұқтажы мен ұсыныстарын тыңдау – сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі. Мұндай кездесулер елді мекендердің өзекті мәселелерін зерделеп, оларды шешу жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.

Халықпен бірге – ел игілігі үшін!

29 қараша «Әділет» партиясына дауыс бер!

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

—
10:36
23

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020