​Кандидаттар ұстаздармен кездесті

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Білім-инновация» лицейінің ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, білім беру саласын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды.

Атап айтқанда, білім сапасын арттыру, педагогтердің мәртебесін көтеру, жас ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасау және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелері сөз болды.

Кездесу соңында ұстаздар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидаттар көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқталып, сайлауалды бағдарлама аясындағы басымдықтармен бөлісті.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

—
11:22
22

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020