​ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттер мен басым бағыттарды түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы бағытта «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен Ұлытау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуге Ұлытау облыстық қоғамдық келісім орталығының директоры Гүлбану Сейтжанова және кәсіпкер, «Әділет» партиясының белсенді мүшесі Абылай Жәнібеков қатысты.

Жиын барысында спикерлер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталды.

Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жаңғырту, отандық өндірісті қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрлық технологияларды енгізу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Гүлбану Сейтжанова өз сөзінде қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтаудың маңыздылығына тоқталып, ел дамуының басты негізі – бірлік пен өзара түсіністік екенін атап өтті. Сонымен қатар азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы ынтымақты нығайту және ортақ мақсат жолында жұмыла еңбек етудің маңызын жеткізді.

Абылай Жәнібеков Жолдауда көтерілген экономикалық мәселелерге, кәсіпкерлікті қолдау мен жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға назар аударды. Оның айтуынша, ел экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің орны ерекше. Сондықтан кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, өндірісті өркендету және жаңа жұмыс орындарын ашу – маңызды міндеттердің бірі.

Айта кетейік, «Әділет» партиясы өңірде Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру, қоғаммен ашық диалог орнату және азаматтардың өзекті мәселелерін талқылау бағытындағы кездесулерді жүйелі түрде жалғастыруда.

#Жолдау

—
15:10
10

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020