Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының соңғы аптасы басталды. Осыған орай «Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Абылай Жәнібеков, Әлдібек Тәуекелов, Диас Алтынбек және Гүлнара Загирова Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жәйрем кентінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кандидаттар жергілікті тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат материалдарын заңнамада белгіленген орындарға орналастырды.
29 қараша – «Әділет» партиясына дауыс бер!
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.