БЕКЕТАЕВ МЕДЕТ БАҒДАТОВИЧ
Өмірбаян
Бекетаев Медет Бағдатович 1983 жылғы 25 маусымда дүниеге келген.
Білімі:
2005 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Тау-кен инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінде «Инженер-механик» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2005 жылы «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-де бастаған. Аталған кәсіпорында жерасты тау-кен шебері, учаске бастығының орынбасары және тау-кен күрделі құрылысы учаскесінің бастығы қызметтерін атқарып, өндірістік салада мол тәжірибе жинақтаған.
2009 жылдан бастап Жезқазған, Павлодар және Қарағанды қалаларындағы автокөлік кәсіпорындарында еңбек етіп, шебер, механик, директор, атқарушы директор және департамент директоры сияқты жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда, «Вираж Сервис Караганда» ЖШС және «Tranco Express» ЖШС кәсіпорындарында жұмыс істеген.
2025 жылдан бастап «Бекетай Баба» шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келеді.