​ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 13 қарашада Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ұлытау облысы тарихи-археологиялық музейінің көркем-көрме бөлімінің басшысы Рахметова Ақнұр Жолбарысқызының қатысуымен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы және оның Ұлытау облысы үшін маңызы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттардың өңір үшін маңызы талқыланды.

Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар көлік-логистика әлеуетін арттыру, жол сапасын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, жастарды жұмыспен қамту және ауылдық елді мекендердің тұрмыс сапасын көтеру мәселелері сөз болды.

Брифингте Ұлытау облысының тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін дамытуға да ерекше мән берілді. Жошы хан, Алаша хан кесенелері мен Теректі-Әулие петроглифтері секілді тарихи нысандарды сақтау, зерттеу және насихаттау өңірдің рухани әрі экономикалық дамуына мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу, шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету және халықтың цифрлық сауаттылығын арттырудың өзектілігі айтылды.

Спикер өңірдің тұрақты дамуы үшін өнеркәсіптік, тарихи-мәдени және туристік әлеуетті тиімді пайдалану, инфрақұрылымдық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру маңызды екенін атап өтті.

Брифинг қорытындысында Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру нақты нәтижелерге бағытталуы тиіс екені айтылды. Басты басымдық – өңір экономикасын нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру.

—
21:35
11

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020