Ұлытау облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесулері жалғасуда.
«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Диас Алтынбек, Нұргүл Талғатбекова Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлермен бірге «Металлург» спорт кешенінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның Ұлытау облыстық филиалының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
Сондай-ақ еңбек ұжымына кандидаттар таныстырылып, сайлаушылармен тікелей пікір алмасу болды.
Мұндай кездесулер қала тұрғындарының сұранысын тыңдауға, оларды толғандыратын мәселелерді білуге және кандидаттардың ұстанымдарын жеткізуге мүмкіндік береді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.
Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.