​КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ: АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ҚҰҚЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен қатар, азаматтардың денсаулығын сақтауға қатысты маңызды кепілдіктерді де бекітеді.

Жаңа Конституцияның 32-бабында Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар екені көрсетілген. Сонымен қатар азаматтардың заңда белгіленген медициналық көмекті ақы төлемей алуға құқығы бекітілген.

Бұл норма денсаулық мәселесінің тек медицина саласына қатысты емес, адамның негізгі құқықтарының бірі екенін көрсетеді.

Денсаулық сақтау жүйесінің мақсаты — ауруды емдеу ғана емес, оның алдын алу, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жағдай жасау.

 Ұлытау облысында да халықтың денсаулығын сақтау, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу — маңызды әлеуметтік бағыттардың бірі.

Конституциялық құқықтарды білу азаматқа өз мүмкіндіктерін түсінуге және қажет жағдайда медициналық көмекке жүгіну тәртібін білуге мүмкіндік береді.

—
10:50
20

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020