1. САТУШЫЛАРДЫ ДҰРЫС ЕМЕС МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТУҒА БОЛА МА ?
Көбінесе дүкеннен заттарды сатып алғанда, сатушы балағат сөздерді қолдап және дөрекі сөйлей алады. Бұл әрекеттер ӘҚБтК-нің 434-бабына сәйкес "ұсақ бұзақылық" ретінде сараланады, бұл он АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.
Мұндай жағдайда не істеу керек?.. Осындай жағдайға тап болған тұтынушы өз құқықтарын қалпына келтіру үшін ішкі істер органдарына жүгінуі керек.
Можно ли привлечь продавцов к ответственности за некорректное е поведение ?
Часто бывает такое что, приобретая товар в магазине продавец может нагрубить или использовать не цензурную брань. Данные действия квалифицирыется как «мелкое хулиганство» в соответствии со ст 434 КоАП что влечет штраф в размере десяти мрп либо административный арест на срок до десяти суток.
Что делать в такой ситуации?.. Cтолкнувшись с аналогичной ситуацией, для восстановления своих прав потребителю следует обратиться в органы внутренних дел.
2. МОРАЛЬДЫҚ ЗИЯНДЫ ӨТЕТУ ҚҰҚЫҒЫ
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 21 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтеуді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сот немесе тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыруы мүмкін.
Моральдық зиянды өтеу тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалдарды (нұқсанды) өтеуге қарамастан жүзеге асырылады.
Тұтынушыға келтірілген моральдық зиянды өтеу мөлшерін, тұтынушыға келтірілген дене азабы мен адамгершілік күйзеліс сипатына қарай, моральдық зиян келтірілген нақты мән-жайларды және тұтынушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұтынушылық даудың тараптары айқындайды.
Сатушының (дайындаушының, орындаушының) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтетуді тараптардың келісімі болған кезде ғана тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыра алады.
ПРАВО НА ВОЗМЕЩЕНИЕ МОРАЛЬНОГО ВРЕДА
Согласно статье 21 Закона РК «О защите прав потребителей» компенсация морального вреда, причиненного потребителю вследствие нарушения продавцом (изготовителем, исполнителем) его прав и законных интересов, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о защите прав потребителей, может осуществляться судом или субъектами досудебного урегулирования потребительских споров, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.
Компенсация морального вреда осуществляется независимо от возмещения убытков (ущерба), причиненных вследствие недостатков товара (работы, услуги).
Размер компенсации морального вреда, причиненного потребителю, определяется сторонами потребительского спора в зависимости от характера причиненных потребителю физических и нравственных страданий с учетом фактических обстоятельств, при которых был причинен моральный вред, и индивидуальных особенностей потребителя.
Компенсация морального вреда, причиненного потребителю вследствие нарушения продавцом (изготовителем, исполнителем) его прав и законных интересов, предусмотренных законодательством Республики Казахстан о защите прав потребителей, может осуществляться субъектами досудебного урегулирования потребительских споров только при наличии согласия сторон.
3. ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕР ТІЗІМІ 31 АТАУҒА ҰЛҒАЙТЫЛДЫ:
1.Бірінші сортты бидай ұны
2. Бірінші сортты бидай ұнынан жасалған пішінді нан
3. Рожки
4. Қарақұмық жармасы (дән)
5. Тазартылған күріш (домалақ дәнді)
6. Картоп
7. Асхана сәбізі
8. Пияз
9. Ақ қырыққабат
10. Қызанақ («шие», «жүзім» сортынан басқа)
11. Қияр («корнишон» сортынан басқа)
12. Алма
13. Ақ қант (құмшекер)
14. Күнбағыс майы
15. Сүйегі бар сиыр еті
16. Сүйексіз сиыр еті
17. Тартылған ет
18. Қой еті, оның ішінде сүйексіз
19. Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз
20. Жаңа ауланған, салқындатылған және мұздатылған балық (табан, мөңке, көксерке, тұқы, сазан)
21. Тауық еті (тауық жамбасы, сирағы, сан еті)
22. Тауық ұшағы
23. Майлылығы 2,2–6% пастерленген, ультрапастерленген немесе зарарсыздандырылған сүт (дәмдік қоспалар жоқ, лактозасыз қоспағанда)
24. Майлылығы 2–3% айран (лактозасыз қоспағанда)
25. Қаймақ (лактозасыз қоспағанда)
26. Майлылығы 5–9% сүзбе (лактозасыз қоспағанда)
27. Майлылығы 40–50% қатты немесе жартылай қатты ірімшік
28. Сары май (тұздалмаған, майлылығы 72,5–80%, толықтырғыштар мен өсімдік майлары жоқ)
29. Тауық жұмыртқасы (I санатты)
30. Қара шай (дәмдік қоспалары жоқ, пакеттелгендерден басқа)
31. Астық тұзы («Экстра»-дан басқа)
ПЕРЕЧЕНЬ СОЦИАЛЬНО ЗНАЧИМЫХ ПРОДОВОЛЬСТВЕННЫХ ТОВАРОВ ДО 31 НАИМЕНОВАНИЕ УВЕЛИЧЕНО:
1. Мука пшеничная первого сорта
2. Хлеб формовой из муки пшеничной первого сорта
3. Рожки
4. Гречневая крупа (зерно)
5. Очищенный рис (круглозерный)
6. Картофель
7. Морковь столовая
8. Лук репчатый
9. Белокочанная капуста
10. Помидоры (кроме сортов «вишня» и «виноград»)
11. Огурцы (кроме сорта «корнишон»)
12. Яблоки
13. Сахар-песок
14. Подсолнечное масло
15. Говядина с костями
16. Говядина без костей
17. Фарш мясной
18. Баранина, включая безкостную
19. Конина, включая безкостную
20. Свежая, охлажденная и мороженая рыба (палтус, мойва, скумбрия, карп, линь)
21. Мясо курицы (бедро, спинка, голень)
22. Куриные крылья
23. Пастеризованное, ультрапастеризованное или обеззараженное молоко 2,2–6% жирности (без вкусовых добавок, кроме безлактозного)
24. Айран 2–3% жирности (кроме безлактозного)
25. Сметана (кроме безлактозной)
26. Творог 5–9% жирности (кроме безлактозного)
27. Твердый или полутвердый сыр 40–50% жирности
28. Сливочное масло несоленое, 72,5–80% жирности (без наполнителей и растительных масел)
29. Куриные яйца I категории
30. Черный чай (без вкусовых добавок, кроме расфасованного в пакет)
31. Поваренная соль (кроме «Экстра»)
4. САТУШЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ТӨЛЕСЕҢ, ТАУАРДЫҢ БАҒАСЫ АРЗАНДАУ БОЛАДЫ ДЕЙДІ. БҰЛ ДҰРЫС ПА?
ЖАУАП: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 8-1-бабына сәйкес төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу шарт жасасу кезінде тұтынушылардың құқықтарын бұзатын талаптар болып есептеледі.
ВОПРОС: МОЖЕТ ЛИ ПРОДАВЕЦ ТРЕБОВАТЬ ОПЛАТИТЬ НАЛИЧНЫМИ, АРГУМЕНТИРУЮ ЭТО ТЕМ, ЧТО ПРИ ОПЛАТЕ НАЛИЧНЫМИ ЦЕНА ДЕШЕВЛЕ?
ОТВЕТ: Согласно статье 8-1 Закона РК «О защите прав потребителей» установление цены на товары (работы, услуги) при приеме платежей с использованием платежных карточек, превышающей цену их продажи при оплате наличными деньгами относится к условиям, нарушающим прав потребителей при заключении договора.
5. САТУШЫНЫҢ (ДАЙЫНДАУШЫНЫҢ, ОРЫНДАУШЫНЫҢ) ТАУАРДЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ) КЕМШІЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ТҰТЫНУШЫНЫҢ ӨМІРІНЕ, ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МҮЛКІНЕ КЕЛТІРІЛГЕН ЗАЛАЛДЫ (ЗИЯНДЫ) ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ӨТЕУ ЖӨНІНДЕГІ МІНДЕТТЕРІ
1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) құрастыру, рецептілік немесе өзге де кемшіліктер салдарынан не тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы толық емес, дұрыс емес немесе уақтылы берілмеген ақпарат салдарынан тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды толық көлемде өтеуге міндетті, сондай-ақ талап берілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушыға зиянды өтеу туралы жауап беруге не тұтынушының талаптарын қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдануға тиіс.
Оның кінәсіне және тұтынушының онымен шарттық қатынастарда болғандығына немесе болмағандығына қарамастан, келтірілген зиян сатушының (дайындаушының, орындаушының) өтеуіне жатады.
2. Тауардағы (жұмыстағы, көрсетілетін қызметтегі) кемшілік фактісі расталған жағдайда сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарға (жұмысқа, көрсетілген қызметке) сараптама жүргізумен байланысты тұтынушыға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға) келтірілген шығыстарды толық көлемде өтеуге міндетті.
3. Тауардағы кемшіліктерден және тауардың қауіпсіздік нормаларының бұзылуынан туындаған зиян, егер ол тауардың белгіленген жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) ішінде келтірілген болса – өтелуге, ал егер жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) белгіленбесе – тауар өндірілген күннен бастап он жыл ішінде өтелуге тиіс.
4. Тауарларды өндіру (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) кезінде материалдарды, жабдықтарды, аспаптарды және өзге де құралдарды пайдалануға байланысты дайындаушының (орындаушының) ғылыми және техникалық білім деңгейі олардың ерекше қасиеттерін және сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік берген-бермегеніне қарамастан, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген зиян өтелуге жатады.
5. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиян үшін, сондай-ақ егер тауар өтеусіз немесе төмендетілген бағамен берілген.
ОБЯЗАННОСТИ ПРОДАВЦА (ИЗГОТОВИТЕЛЯ, ИСПОЛНИТЕЛЯ) ПО ВОЗМЕЩЕНИЮ В ПОЛНОМ ОБЪЕМЕ УБЫТКОВ (ВРЕДА), ПРИЧИНЕННЫХ ЖИЗНИ, ЗДОРОВЬЮ И (ИЛИ) ИМУЩЕСТВУ ПОТРЕБИТЕЛЯ ВСЛЕДСТВИЕ НЕДОСТАТКОВ ТОВАРА (РАБОТЫ, УСЛУГИ)
1. Продавец (изготовитель, исполнитель) обязан в полном объеме возместить вред, причиненный жизни, здоровью и (или) имуществу потребителя вследствие конструктивных, рецептурных или иных недостатков товара (работы, услуги) либо вследствие неполной, недостоверной или несвоевременной информации о товаре (работе, услуге), также в течение десяти календарных дней со дня подачи требования должен дать ответ потребителю о возмещении вреда либо принять соответствующие меры для удовлетворения требований потребителя.
Причиненный вред подлежит возмещению продавцом (изготовителем, исполнителем) независимо от его вины и от того, состоял ли потребитель с ним в договорных отношениях или не состоял.
2. В случае подтверждения факта недостатка товара (работы, услуги) продавец (изготовитель, исполнитель) обязан в полном объеме возместить расходы, понесенные потребителем, общественным объединением потребителей, ассоциацией (союзом), связанные с проведением экспертизы товара (работы, услуги).
3. Вред, вызванный недостатками товара и нарушением норм безопасности товара, подлежит возмещению, если он причинен в течение установленного срока годности (срока службы) товара, а если срок годности (срок службы) не установлен — в течение десяти лет со дня производства товара.
Вред, причиненный вследствие недостатков товара, подлежит возмещению по выбору потребителя продавцом или изготовителем товара.
Вред, причиненный вследствие недостатков работы или услуги, подлежит возмещению их исполнителем.
6. ТҰТЫНУШЫ ТАУАРДЫ ҚАЙТАРҒАНДА АҚШАСЫН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Дүкеннен тауар алған адам тұтынушы болып есептеледі. Ал тұтынушының өз құқықтары барын бірі білсе, бірі білмейді. Сондықтан тұтынушы өзіне ұнамай қалған немесе сапасы нашар тауарды, оған төлеген ақшасын қалай қайтара алатынына тоқталайық.
Тауарды қайтарған немесе айырбастаған уақытта ең маңызды екі нәрсе бар:
тауарлық немесе фискалды түбіртектің болуы;
тауарды сатып алған күннен бастап 14 күнде қайтару.
Егер тауарда ақау болмай, тұтынушыға оның түсі немесе функционалы ұнамаса, сатушы сатып алушыға тауарды айырбастап немесе ақшасын қайтарып беруге міндетті. Сондай-ақ айырбастайтын тауар болмаса, сатушы күнтізбелік он күнде айырбастап беруіне болады.
Ақшаны қайтару уақыты тауар құнын қалай төлегеніңізге байланысты. Қолма-қол ақшамен төлесеңіз, тауар ақшасы бірден кассада қайтарылады. Картамен төлеген жағдайда, қаражат белгілі бір уақыттан соң қайта картаңызға түседі. Осы орайда, ескеретін жайт – қайтаратын тауардың қолданылмаған болуы.
Бірақ қайтаруға жатпайтын тауарлар да болады. Олар: дәрі-дәрмектер, шұлық бұйымдары, іш киімдер, метражбен сатылатын тауарлар, өсімдіктер мен жануарлар, ұялы телефондар.
Есте сақтаңыз!
Әсіресе қымбат тауарды сатып алған уақытта өзіңізді тауармен бірге сол дүкенде суретке түсіргеніңіз жөн. Себебі дүкенде суретке түсуге тыйым салынбайды. Ал сіз сол сурет арқылы түбіртекті жоғалтқан немесе түбіртек берілмеген жағдайда дүкеннен тауар алғаныңызды дәлелдей аласыз.
Сақтық үшін сатып алған тауар түбіртегін, қаптамасын және құжатын кепілдік немесе пайдалану мерзімі аяқталғанша сақтаған абзал.
КАК ПОТРЕБИТЕЛЬЮ ПОЛУЧИТЬ ДЕНЬГИ ПРИ ВОЗВРАТЕ ТОВАРА
Человек, покупающий товар в магазине, считается потребителем. А если один знает, что у потребителя есть свои права, то другой нет. Так давайте задумаемся о том, как покупатель может вернуть деньги, которые заплатил за товар, если он оказался некачественным.
При возврате или обмене товара есть две самые важные вещи:
Если есть наличие товарного или фискального чека то можно вернуть товар через 14 дней с момента покупки. Если в изделии нет дефекта, и покупателю не нравится его цвет или функционал, продавец обязан обменять товар покупателю или вернуть деньги. Если товара нет в наличии продавец может обменять их в течении десяти календарных дней. Время возврата средств зависит от того, как вы оплатили стоимость товара.
Если Вы оплатили наличными, то товар можно вернуть сразу же через кассу. При оплате картой средства будут зачисляться на вашу карту через определенный период времени. Поэтому стоит учесть, что товар не был использован.
Но есть и товары, которые нельзя вернуть. Они такие: лекарственные средства и медицинские изделия, нательное белье, чулочно-носочные изделия, животные и растения, метражные товары, и абонентские устройства сотовой связи
Имейте в виду!
Особенно когда покупаете дорогой товар, лучше сфотографироваться магазине с товарам. Потому что в магазине фотографировать не запрещено. А вы можете доказать, что покупали товар из магазина, если потеряли чек или не дали квитанцию. В качестве меры предосторожности желательно сохранять квитанцию, упаковку и документ до истечения гарантии или использования.
7. УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңның 5 бабына сәйкес уәкілетті орган тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізіп, мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.
Сонымен қатар уәкілетті органның құзыретіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді, мемлекеттік органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, өздері қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады.
КОМПЕТЕНЦИЯ УПОЛНОМОЧЕННОГО ОРГАНА
Согласно статье 5 Закона РК «О защите прав потребителей» уполномоченный орган формирует и реализует государственную политику в сфере защиты прав потребителей, вносит предложения в Правительство Республики Казахстан по основным направлениям государственной политики в сфере защиты прав потребителей и осуществляет межотраслевую координацию деятельности государственных органов по обеспечению реализации государственной политики в сфере защиты прав потребителей.
Вместе с тем уполномоченный орган разрабатывает и утверждает нормативные правовые акты в сфере защиты прав потребителей, вносит предложения (рекомендации) государственным органам об отмене решений, принятых ими с нарушением настоящего Закона и иных нормативных правовых актов в сфере защиты прав потребителей, осуществляет информирование, консультирование, просвещение, повышение правовой грамотности потребителей в вопросах защиты своих прав и законных интересов.
8.
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ФУНКЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ӨТІНІШІН ҚАРАУДАН БАС ТАРТУЫ МҮМКІН БА?
ЖАУАП: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 42-6 бабына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган тұтынушыға оның өтінішін қараудан мынадай:
1) сол тараптар арасындағы дауды дәл сол нысана бойынша және дәл сол негізде сот қараған;
2) заңды күшіне енген сот шешімі не тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің сол тараптар арасындағы, дәл сол нысана бойынша және дәл сол негізде тұтынушылық дауға қатысты қабылдаған шешімі бар болған жағдайларда, бас тартады.
Бас тарту үшін өзге де негіздер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленуі мүмкін.
2. Тұтынушының өтінішін қараудан бас тарту туралы шешім, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзім көзделмесе, тұтынушының өтінішін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.
3. Тұтынушының өтінішін қараудан бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс.
МОЖЕТ ЛИ БЫТЬ ОСУЩЕСТВЛЕН ОТКАЗ В РАССМОТРЕНИИ ОБРАЩЕНИЯ ПОТРЕБИТЕЛЯ ГОСУДАРСТВЕННЫМИ ОРГАНАМИ, ОСУЩЕСТВЛЯЮЩИМИ ФУНКЦИИ В СФЕРЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ ПОТРЕБИТЕЛЕЙ?
ОТВЕТ: Согласно статье 42-6 Закона РК «О защите прав потребителей»
государственный орган, осуществляющий функции в сфере защиты прав потребителей, отказывает потребителю в рассмотрении его обращения в следующих случаях:
1) спор между теми же сторонами, по тому же предмету и на том же основании рассматривает суд;
2) имеется вступившее в законную силу решение суда либо принятое решение субъекта досудебного урегулирования потребительского спора относительно потребительского спора между теми же сторонами, по тому же предмету и на том же основании.
Иные основания для отказа могут устанавливаться настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан.
2. Решение об отказе в рассмотрении обращения потребителя должно быть принято не позднее чем в течение пяти рабочих дней с момента получения обращения потребителя, если иной срок не предусмотрен законами Республики Казахстан.
3. Решение об отказе в рассмотрении обращения потребителя должно быть мотивированным.
9.
ТҰТЫНУШЫНЫҢ ТАУАРДАҒЫ КЕМШІЛІКТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТАЛАПТАР ҚОЮ МЕРЗІМДЕРІ
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 17 бабына сәйкес жарамдылық мерзімі белгіленген тауарға қатысты тұтынушы тауардағы кемшіліктер туралы, егер олар тауардың жарамдылық мерзімі ішінде табылса, талаптар қоюға құқылы.
2. Егер тауарға кепілдік мерзімі белгіленген болса, тауардағы кемшіліктер кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоюға құқылы.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден бастап есептеледі.
Егер тауарға кепілдік мерзімі немесе жарамдылық мерзімі белгіленбесе, сатылған тауардағы кемшіліктер тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл шегінде табылған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта бұдан да ұзақ мерзімдер белгіленбесе, тұтынушы тауардың кемшіліктерімен байланысты талаптарды қоя алады.
Шартта көзделген кепілдік мерзімі екі жылдан аз уақытты құраған және тұтынушы тауардағы кемшіліктерді кепілдік мерзімі өткеннен кейін, бірақ тауар тұтынушыға берілген күннен бастап екі жыл ішінде тапқан жағдайларда, егер тұтынушы тауардағы кемшіліктердің тауар тұтынушыға берілгенге дейін немесе сол кезге дейін туындаған себептер бойынша туындағанын дәлелдесе, сатушы (дайындаушы) жауапты болады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, жиынтықтаушы бұйымға кепілдік мерзімі негізгі бұйымға кепілдік мерзіміне тең болып есептеледі және негізгі бұйымға кепілдік мерзіммен бір мезгілде жүре бастайды.
Тауарды (жинақтаушы бұйымды) ауыстырған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, кепілдік мерзімі қайта есептеледі.
Шартта жиынтықтаушы бұйымдарға және тауардың құрамдас бөлігіне кепілдік мерзімінің ұзақтығы негізгі бұйымға кепілдік мерзімінің ұзақтығынан аз болып белгіленген жағдайда, тұтынушы жиынтықтаушы бұйымдағы және тауардың құрамдас бөлігіндегі кемшіліктер туралы талаптарды олар негізгі бұйымның кепілдік мерзімі ішінде табылған кезде қоюға құқылы.
СРОКИ ПРЕДЪЯВЛЕНИЯ ПОТРЕБИТЕЛЕМ ТРЕБОВАНИЙ В ОТНОШЕНИИ НЕДОСТАТКОВ ТОВАРА
Согласно статье 17 Закона РК «О защите прав потребителей» в отношении товара, на который установлен срок годности, потребитель вправе предъявить требования о недостатках товара, если они обнаружены в течение срока годности товара.
2. Если на товар установлен гарантийный срок, потребитель вправе предъявить требования, связанные с недостатками товара, при обнаружении недостатков товара в течение гарантийного срока.
Гарантийный срок начинает исчисляться с момента передачи товара покупателю, если иное не предусмотрено договором.
Если на товар не установлен гарантийный срок или срок годности, требования, связанные с недостатками товара, могут быть предъявлены потребителем при условии, что недостатки в проданном товаре были обнаружены в пределах двух лет со дня передачи товара потребителю, если более длительные сроки не установлены законодательством Республики Казахстан или договором.
В случаях, когда предусмотренный договором гарантийный срок составляет менее двух лет и недостатки товара обнаружены потребителем по истечении гарантийного срока, но в пределах двух лет со дня передачи товара потребителю, продавец (изготовитель) несет ответственность, если потребитель докажет, что недостатки товара возникли до передачи товара потребителю или по причинам, возникшим до этого момента.
10.
САТЫП АЛЫНҒАН ОЙЫНШЫҚТЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІН ТЕКСЕРУДІ ӨТІНДІМ. САТУШЫ БҰЛ ӨТІНІШІМДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРМАДЫ. ҮЙДЕ ОЙЫНШЫҚТЫ АШҚАН КЕЗДЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІНІ АНЫҚТАЛДЫ. НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңының 13-бабына сәйкес тұтынушының иеленетін тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасын, жиынтықталымын, салмағын, көлемін, санын, мөлшерін тексеруге, егер бұл тауардың сипатына қарай мүмкін болатын болса, өзінің қатысуымен тауардың қасиеттерін тексертуді немесе оның дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын көрсетуді жүргізуге құқығы бар. Осыған орай сатушы ойыншықтың жұмыс жасайтынын не жасамайтынын тексеруге тиіс болған.
Қалай болғанымен сізге тиісті емес сападағы тауар сатылғандықтан, сондай-ақ оның кемшіліктерін сатушы айтпағандықтан, сіздің өз таңдауыңыз бойынша:
— сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді;
— тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді;
— соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды;
— сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды;
— шартты орындаудан бас тартуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқығыңыз бар.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңының 15-бабы.
ПОПРОСИЛ ПРОДАВЦА ОТКРЫТЬ И ПРОВЕРИТЬ КУПЛЕННУЮ ИГРУШКУ РАБОТАЕТ ЛИ ОНА? ПРОДАВЕЦ ОТКАЗАЛСЯ. КОГДА ОТКРЫЛИ УПАКОВКУ ДОМА, ВЫЯСНИЛОСЬ, ЧТО ИГРУШКА НЕ РАБОТАЕТ. ЧТО ДЕЛАТЬ В ТАКОЙ СИТУАЦИИ?
Согласно статье 13 Закона РК «О защите прав потребителей», потребитель имеет право на проверку качества, комплектности, веса, объема, количества, размеров приобретаемого товара (работы, услуги), на проведение в его присутствии проверки свойств или демонстрации правильного и безопасного использования товара, если это не исключено ввиду характера товара.
Поэтому продавец должен был проверить работает ли игрушка или нет.
Так как в итоге вам продали товар ненадлежащего качества, и его недостатки не были оговорены продавцом, вы вправе по своему выбору потребовать:
— соразмерного уменьшения покупной цены;
— безвозмездного устранения недостатков товара;
— возмещения своих расходов на устранение недостатков товара;
— замены на товар аналогичной марки (модели, артикула);
— замены на такой же товар другой марки (модели, артикула) с соответствующим перерасчетом покупной цены;
— расторжения договора и возврата уплаченной за товар денежной суммы
Статья 15 Закона РК «О защите прав потребителей»