2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

​САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Бекішев Абай Данаұлы

Кеңгір селосы әкімі болуға үміткер

Құрметті Кеңгір селосының тұрғындары!

Мен, Бекішев Абай Данаұлы, 1992 жылы Ұлытау ауданында дүниеге келдім. Мемлекеттік және жергілікті басқару, сондай-ақ құқықтану мамандықтары бойынша екі жоғары білімім бар.

Өзімнің 10 жылдан астам еңбек жолымда қаржы, ішкі аудит, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және халықты әлеуметтік қорғау салаларында әртүрлі жауапты қызметтер атқардым. Соңғы жылдары Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде еңбек нарығын талдау саласында басшылық қызметте болдым. Жиған тәжірибемді ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағыттауды мақсат етемін.

Алдағы жұмыстың негізгі бағыттары:

— Ауыл тұрғындарын, әсіресе жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларына тарту және еңбек нарығын реттеу шараларын іске асыру.

— Халықтың әлеуметтік осал топтарына (жалғызбасты қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар) көрсетілетін мемлекеттік көмектің сапасын бақылау.

— Ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу, тұрғындарға жер қатынастары мәселелері бойынша кеңес беру.

— Ауылдағы инфрақұрылымдық және коммуналдық мәселелерді (соның ішінде кәріз желілерін) шешу үшін тиімді экономикалық жоспарлау жүргізу және бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету.

Ауылдың дамуы – бәріміздің ортақ ісіміз.

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

Бек ішева Абая Дана ұлы

кандидата на должность акима села Кенгир

Уважаемые жители села Кенгир!

Я, Бекішев Абай Данаұлы, родился в 1992 году в Улытауском районе. Имею высшее образование по специальностям «Государственное и местное управление» и «Юриспруденция».

За 10 лет трудовой деятельности я получил разносторонний опыт работы в государственных структурах. Я работал в сферах внутреннего аудита Министерства финансов, сельского хозяйства, земельных отношений, а также занимался вопросами экономического планирования. В последние годы руководил сектором анализа рынка труда в отделе занятости и социальных программ города Жезказган. Свой профессиональный опыт я хочу применить для стабильного развития экономики и социальной сферы нашего села.

Приоритеты в работе:

— Реализация государственных программ по содействию занятости населения и снижение уровня безработицы среди сельской молодежи.

— Обеспечение качественной поддержки социально уязвимым слоям населения (одиноким пенсионерам, людям с особыми потребностями) .

— Поддержка местных фермеров и предпринимателей, оказание консультативной помощи жителям по земельным вопросам.

— Грамотное экономическое планирование и финансовая прозрачность при поэтапном решении инфраструктурных проблем села (включая вопросы канализационных систем).

Развитие села – это наше общее дело.

—
11:34
19

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020