Қоғамның барлық тобын барынша қамтыған – Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды

Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына барлық өңірлердің өкілдері кірді. Қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер, спортшылар мен этномәдени бірлестік өкілдері – Қазақстан Халық Кеңесіне 126 адам кірді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оның құрамын 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №1474 Жарлықпен бекітті, деп хабарлайды saryarqa.info.
Кеңес мүшелері арасында қазақтың ұлтжанды азаматтары Еділ Жаңбыршин, Ермұрат Бапи, Нұртөре Жүсіп, Аманжол Әлтай, отандық журналистика өкілдері Алмас Алтай және Ерқанат Көпжасарұлы, қазақ тілінің жанашырлары Рауан Кенжеханұлы, Ольга Спирина мен Алина Кан – Қазақстан Халық Кеңесіне кірді. Сондай-ақ өңірлердегі мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің өкілдері, ғалымдар, жастар ұйымдарының жетекшілері енген.

Бұл құжат «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңның 5-бабының 1) тармақшасына сүйеніп қабылданған. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

15:33
20

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020