Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің 5-отырысы

Түркістан киберкеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық прокурорлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін қалыптастыру алаңына айналды. 
11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің 5-отырысы өтті.
Негізгі назар цифрлық технологияларды, криптовалюталарды және онлайн-платформаларды пайдаланумен байланысты есірткі қылмысының жаңа нысандарына, бірлескен тергеу жүргізуге және қылмыстық желілерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдануға аударылды.
Отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркия прокуратураларының басшылары, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің өкілі қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ саммитінде осы жылдың мамыр айында сөйлеген сөзінде түркі әлемінің бірлігін нығайту Қазақстанның аса маңызды басымдығы екенін, ал Ұйымның бірлескен бастамалары мен ортақ мүдделерді ілгерілету үшін бірегей алаң болып табылатынын атап өткен болатын.
Бұл қағидаттар прокуратура органдары деңгейінде практикалық тұрғыда жалғасын тапты.
Берік Асылов өз сөзінде қазіргі заманғы қылмыстық қауіп-қатерлердің ұлттық юрисдикциялар шеңберінен жиі шығып бара жатқанын атап өтті. Сондықтан оларға қарсы іс-қимылдың тиімділігі ақпарат алмасудың жеделдігіне, бірлескен тергеулерге және заманауи технологияларды пайдалануға тікелей байланысты.
Отырыстың негізгі тақырыптарының бірі цифрлық ортадағы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл болды.
Қазақстан есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылдың дәстүрлі құқық қорғау әдістерін жасанды интеллектімен, цифрлық криминалистикамен және қаржылық талдаумен ұштастыратын кешенді жүйесін таныстырды.
Соңғы бес жылда 400-ден астам есірткі зертханасы жойылып, 75 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, есірткі тасымалдаудың 720 арнасы жолы кесіліп, 147 тоннадан астам есірткі тәркіленді. 2025–2026 жылдары цифрлық платформалармен өзара іс-қимыл жасау арқылы есірткінің заңсыз айналымына байланысты 7 мыңға жуық интернет-дүкеннің қызметі тоқтатылды.
Прекурсорлардың айналымын бақылау жөніндегі Таргетинг-орталық құрылып, оған 23 ақпараттық базаның деректері біріктірілді. Жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау технологиялары қылмыскерлердің цифрлық іздерін анықтауға, криптовалюталық операцияларды қадағалауға және трансұлттық байланыстарды белгілеуге мүмкіндік береді.
«Ақшаның ізімен жүру» қағидаты бойынша соңғы екі жылда есірткі бизнесіне байланысты шамамен 35 млн АҚШ доллары көлеміндегі активтерге тыйым салынды.
Қазақстан Ұлттық таргетинг-орталықтар желісін құрып, оларды кейіннен өңірлік талдау жүйесіне біріктіруді ұсынды. Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша есірткі бизнесінің арналары туралы ақпарат алмасуға және оларға жеделден қоюға арналған халықаралық цифрлық платформа құру мәселесі пысықталуда. Пилоттық жобаны Өзбекстанмен бірлесіп іске асыру жоспарлануда.
Отырыстың практикалық нәтижелерінің бірі ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің прокуратура органдары арасында қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде Мемлекеттік айыптауды қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.
Құжат процестік практика, әдістемелік және талдамалық материалдар бойынша тұрақты ақпарат алмасуды, бірлескен сараптамалық іс-шаралар мен оқыту бағдарламаларын өткізуді көздейді.
Меморандум 2025 жылғы қыркүйекте Түркістанда өткен ТМҰ-ға мүше және бақылаушы мемлекеттердің мемлекеттік айыптаушыларының халықаралық форумының жалғасы болды.

Отырыстың қорытындысы бойынша тараптар есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл, цифрлық криминалистика және қаржылық тергеп-тексеру салаларындағы ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ жасанды интеллект пен талдау технологияларын қолдану бойынша тәжірибе алмасуды дамытуға уағдаласты.

13:07
11

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020