​Саналы ата-ана болу – бақытты отбасының негізі

Отбасы – баланың тұлға болып қалыптасатын ең алғашқы ортасы. Сондықтан ата-ананың мейірімі, қолдауы мен күнделікті қарым-қатынасы баланың болашағына тікелей әсер етеді.

Саналы ата-ана болу – баланы қорқытып немесе күш көрсету арқылы емес, түсіністікпен тәрбиелеу, оның пікірін тыңдау және сенімді қарым-қатынас орнату. Әке мен ананың бала тәрбиесіне бірдей қатысуы, күнделікті қамқорлықты бірге атқаруы отбасындағы өзара сыйластықты нығайтады.

Бала үшін ең маңыздысы – өзін қауіпсіз, қажет және жақсы көретінін сезіну. Осындай ортада өскен бала жауапты, сенімді және мейірімді тұлға болып қалыптасады.

Отбасы күні – әрбір ата-анаға балаға бөлінген уақыт пен көңілдің ең үлкен құндылық екенін еске салатын мереке.

17:55
21

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020