Президент тапсырмасы бойынша Ұлытау облысында қандай жобалар жүзеге асырылады

Өңірде ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен мәлімдеді.
Ағымдағы және 2027 жылы облыста әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым саласындағы 25-тен астам бірінші кезектегі жобаны іске асыруды бастау жоспарланып отыр.
Бұл жұмыстарға «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Болат Өтемұратов Қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Qazaqstroy» ЖШС, «Atasu Group» және басқа да ірі компаниялар атсалысуда.
Жобалар қатарында заманауи спорттық және әлеуметтік нысандар салу, тұрғын үй құрылысын дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бастамалар бар.

«Біздің басты міндетіміз – инвестиция тарту қарқынын бәсеңдетпей, оның нақты нәтижесін тұрғындар сезінетіндей ету. Сондықтан жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, экологияны жақсартуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға басымдық беріледі», – деді Есет Байкен.

21:25
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020