Жезқазған қаласында тұрғындардың спортпен белсенді айналысуына қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа спорт алаңы салынуда.
Ғарышкерлер шағын ауданындағы Бақ жолында жалпы аумағы 250 шаршы метрді құрайтын баскетбол және волейбол алаңының құрылысы жүргізілуде.
Жоба аясында спорт алаңы заманауи талаптарға сай абаттандырылып, қажетті инфрақұрылыммен жабдықталады. Қазіргі таңда нысан бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Жаңа спорт алаңы тұрғындардың, әсіресе жастардың бұқаралық спортпен айналысуына мүмкіндік беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосады.
Жобаны ағымдағы жылдың тамыз айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.