​ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ — БҮКІЛ ҚОҒАМНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН ТАЛАП ЕТЕТІН МӘСЕЛЕ

Тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қоғамның ерекше назарын және баршамыздың жауапкершілігімізді талап етеді. Отбасында зорлық-зомбылық пен қатыгездікке тап болған адамдардың жанайқайы мен қорқынышына көз жұмуға болмайды.

Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу мәселелері заңнамамен реттеледі. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңы қолданылады. Ал құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қылмыстық кодексіне сәйкес жауапкершілік көзделген.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекет әрбір азаматтың құқықтарын, қауіпсіздігі мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

Отбасындағы өзара құрмет, түсіністік пен жауапкершілік — салауатты қоғамның негізі. Әр адам қорқынышсыз, қысымсыз және қатыгездікке ұшырамай өмір сүруге құқылы.

Әсіресе жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, бір-біріне құрметпен қараудың маңызын түсіндіру және дұрыс өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру маңызды.

Қоғам, мемлекет және азаматтардың бірлескен күш-жігері арқылы ғана әр адамның құқығы, қадір-қасиеті мен тыныштығы қорғалатын қауіпсіз орта қалыптастыра аламыз.

Отбасында да, қоғамда да зорлық-зомбылыққа орын жоқ!

#ТұрмыстықЗорлықЗомбылық #ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #ЗаңМенТәртіп #ҚауіпсізҚоғам

11:44
13

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020