2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Құрылтай – халықтың мүддесін білдіретін жаңа өкілді құрылым. Алдағы сайлау арқылы азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашағына қатысты маңызды шешімдерге өз үлесін қоса алады. Осыған байланысты қала тұрғындары арасында Құрылтайдың маңызы мен сайлау тәртібін түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында және қоғамдық орындарда ақпараттық материалдар орналастырылып, тұрғындарға қажетті мәліметтер жеткізілуде. 23 тамыз – әр азаматтың өз таңдауын білдіретін маңызды күн. Сондықтан тұрғындарды сайлауға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз.
Жалғасбаева Мария.