Жәшіктің жанына тасталған бөтелке, пакет немесе темекі тұқылы — жай ғана қоқыс емес. Бұл — айналаға деген құрметсіздік әрі белгіленген талаптарды бұзу.
ЗАҢ — БАРШАҒА ОРТАҚ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтар мен скверлерді ластау, оның ішінде коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастау 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ал осы әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса — 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. (Адилет)
Алайда мәселе тек айыппұлда емес.
Таза көше — денсаулығымыздың кепілі.
Таза қала — балаларымыздың жайлы ортасы.
Тазалық — әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.
Артыңыздан қоқыс емес, жақсы үлгі қалдырыңыз!
Заңды сақтаңыз. Қала тазалығын бірге қорғайық!
#ЗаңМенТәртіп #ТазаҚазақстан #ТазаҚала #ҚоқысТастама #Тазалық #Жауапкершілік