СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жаз мезгілінде өзен-көлдер мен су айдындарында демалушылар саны артады. Алайда қауіпсіздік талаптарын сақтамау адам өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 5 шілдедегі № 19-VIII ҚРЗ Су кодексіне сәйкес, су объектілерін пайдалану кезінде азаматтар қауіпсіздік талаптарын сақтауға, қоршаған ортаға зиян келтірмеуге және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен бекітілген “Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары” азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін белгілейді. Осы қағидаларға сәйкес:

* тек рұқсат етілген жағажайларда шомылу;

* ескерту белгілері қойылған қауіпті орындарға бармау;

* балаларды су жағасында қараусыз қалдырмау;

* алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеу;

* қайықпен немесе басқа жүзу құралымен жүргенде құтқару кеудешесін пайдалану қажет.

Азаматтардың қырағылығы мен қауіпсіздік талаптарын сақтауы – адам өмірін сақтаудың басты кепілі.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне жауапкершілікпен қараңыз!

#ЗаңМенТәртіп #СудағыҚауіпсіздік #ҚауіпсізЖаз #ҚоғамдықҚауіпсіздік

18:49
10

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020