​Облыс әкімі Жезқазғандағы әлеуметтік, білім беру және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралады

Білім беру ұйымдары, қоғамдық кеңістіктер, тұрғын үй алаптары, инженерлік инфрақұрылым, теміржол вокзалы және ЖЭО-дағы бу-газ қондырғысының құрылысы қаралды.

Биыл қалада 13 көшеге асфальт төселуде.

Облыс құрылғаннан бері 85 шақырым жылу және 197 шақырым су құбыры желілері жаңғыртылған.

4 мектеп пен 2 колледжде күрделі жөндеу жүргізілуде. Нысандарды пайдалануға беру 20 тамызға жоспарланған.

№13 мектептегі жөндеу жұмыстарының мерзімінде аяқталмау қаупі анықталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

Құрылыс пен жаңғырту жұмыстарының сапасы мен мерзімін тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

10:51
18

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020