​ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӘР ЖҮРГІЗУШІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жолдағы бір сәттік немқұрайлылық адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау – жүргізушінің басты міндеті.

 Телефонға алаңдамаңыз!

Көлік жүргізу кезінде телефон немесе радиостанция пайдалану ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабымен жауапкершілікке әкеп соғады. Бірінші рет – 5 АЕК, ал бір жыл ішінде қайталанса – 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Телефонды құлаққап немесе hands-free арқылы пайдалануға рұқсат етіледі. 

 Қауіпсіздік белдігін тағыңыз!

Жүргізуші де, жолаушылар да көлік қозғалысы кезінде қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті. Бұл талапты бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. 

 Жылдамдық режимін сақтаңыз.

Жол жағдайына қарай жылдамдықты дұрыс таңдап, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын орындаңыз.

 Жаяу жүргіншілерге жол беріңіз.

Жаяу жүргіншілер өткелдерінде аса сақ болыңыз және олардың қауіпсіздігін бірінші орынға қойыңыз.

 Есіңізде болсын:

Телефонға бір сәт қарау, белдік тақпау немесе жылдамдықты асыру — бірнеше секундтық әрекет. Бірақ оның салдары адам өміріне әсер етуі мүмкін.

Заңды сақтау – айыппұлдан қорғану ғана емес, адам өмірін қорғау.

#ЗАҢМЕНТӘРТІП

#ЗАКОНИПОРЯДОК

#ЖОЛҚАУІПСІЗДІГІ

#БЕЗОПАСНОСТЬНАДОРОГАХ

13:43
14

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020