23 тамызда жаңа Конституция негізінде Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда жаңа Конституция негізінде Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтеді 
Бұл – жай ғана кезекті сайлау емес, елдің жаңа жоғары өкілді органын қалыптастыратын тарихи саяси науқан.
Жаңа модель бойынша бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына 145 депутаттан тұратын бір палаталы Құрылтай жұмыс істейді. Депутаттар партиялық тізімдер арқылы бес жыл мерзімге сайланып, заң қабылдау мен мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға қатысады.
Құрылтай атауының өзі халқымыздың тарихи мемлекеттік дәстүрімен сабақтас. Ежелгі құрылтайларда ел тағдырына қатысты маңызды мәселелер талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бүгінгі Құрылтай да сол тарихи сабақтастықты жаңа мазмұнда жалғастыруға бағытталған.

Алдағы сайлау Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалардың маңызды кезеңі саналады. Оның басты мақсаты – заң шығару жүйесін жетілдіру, өкілді биліктің тиімділігін арттыру және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейту.

12:55
21

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020