Жезқазған қаласында абаттандыру және жасыл желектерді күтіп-баптау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Шілде айында Желтоқсан көшесінің бойына ұзындығы 900 метр болатын жаңа суару құбыры тартылды. Жаңа жүйе жасыл желектерді тұрақты суаруға, олардың күтімін тиімді ұйымдастыруға және көгалдандыру жұмыстарының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аталған аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, жаңа газон егілді. Бұл жұмыстар қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті орта қалыптастыруға бағытталған.