Кездесу барысында ақсақалдар көп жылдан бері толғандырып жүрген мәселелерін көтеріп, өңірдің дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Облыс әкімі айтылған ұсыныстар назарға алынатынын айтып, ақсақалдардың тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің өңірдің өркендеуінде маңызды екенін атап өтті.