Жезқазған қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері жазғы каникул кезінде балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық рейд өткізді.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге велосипед тебу ережелері түсіндіріліп, жол қозғалысы талаптарын сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту және қорғаныш құралдарын пайдалану бойынша кеңестер берілді.
Полицейлер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырады.
Балалардың қауіпсіздігі — баршамыздың ортақ міндетіміз!
#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ