Ұлытау жұртшылығы Меруерт Өтекешоваға күтпеген сый жасады

Ұлытау облысында өткен республикалық «Арқа аруы» байқауында қазақ киносының белгілі актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова ерекше құрметке ие болды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жаңаарқа ауданында ұйымдастырылған мәдени шара марқұм Ақмарал Әлтайдың рухына арналды. Байқаудың бастамашысы – Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.
Іс-шараға қоғам және өнер саласының бірқатар танымал өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қанат пен Света Айтбаевтар, сондай-ақ тележүргізуші Динара Сәтжан болды.
Байқаудың құрметті қонағы болған Меруерт Өтекешоваға жергілікті тұрғындар қазақтың ежелгі дәстүрімен құрмет көрсетіп, ат мінгізді. Жиналған қауым бұл сый-құрметті өнер майталманының қазақ мәдениеті мен кино өнеріне қосқан үлесіне берілген жоғары баға ретінде қабылдады.

Көпшілік арасында бұл оқиға кең қолдау тауып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі ретінде бағаланды.

18:23
11

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020