Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары!

Қаламыздың санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыру мақсатында рұқсат етілмеген орындарда жиналған қоқыстарды шығару жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл шаралар қала аумағында экологиялық тәртіпті нығайтуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Әрбір тұрғынды тазалықты сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға және ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырамыз. Қаламыздың көркейіп, таза әрі жайлы болуы – баршамызға ортақ міндет.

Таза қала – жарқын болашақтың кепілі!

16:11
15

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020