Ұлытау облысының Полиция департаменті «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында бейнероликтер байқауын жариялайды.
Мақсаты:
Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрмет пен тәртіп мәдениетін қалыптастыру.
Бағыттар:
• «Тәртіпті оқушы»
• «Мейірімді оқушы»
• «Берекелі отбасы ұрпағымыз»
Қатысушылар:
5–8 сынып, 9–11 сынып оқушылары және колледж студенттері
(жеке немесе 3 адамға дейін топпен)
Талаптар:
• Формат: бейнеролик (MP4)
• Ұзақтығы: 2 минутқа дейін
• Міндетті: ҚР ІІМ және «Заң мен тәртіп» логотипі
• Мазмұны: тәртіп, мейірімділік, отбасы құндылықтары
Қоса жіберіледі:
Аты-жөні, оқу орны, сынып/курс, байланыс нөмірі, жетекші (бар болса)
Соңғы мерзім: 2026 жылғы 15 мамыр
Жұмыстар WhatsApp арқылы қабылданады
Бағалау:
Тақырыптың ашылуы, шығармашылық, сапа, өзектілік, техникалық деңгей
Жеңімпаздар диплом, алғыс хат және сыйлықтармен марапатталады
Байланыс: 8 700 416 17 44