Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы «Қауіпсіз терезе» акциясы аясында қала тұрғындарын, әсіресе ата-аналарды балалардың терезеден құлау қаупіне ерекше назар аударуға шақырады.
Жыл сайын жаз мезгілінде терезеден құлау оқиғалары көбейеді. Оның басты себебі – балалардың қараусыз қалуы және терезенің ашық болуы. Көп жағдайда балалар терезе алдына қойылған жиһазға шығып, москит торына сүйеніп, абайсызда құлап кетеді. Айта кету керек, москит торлары қорғаныс құралы болып табылмайды және баланың салмағын көтере алмайды.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар басқармасы төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
•Балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз;
•Терезе маңына жиһаз (орындық, үстел, диван) қоймаңыз;
•Терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын (блокираторлар, шектеуіштер) орнатыңыз;
•Терезені ашқанда, балаңыздың жанында болыңыз;
•Москит торына сенбеңіз, оны қауіпсіздік құралы ретінде қарастырмаңыз.
Құрметті ата-аналар! Балалардың қауіпсіздігі – сіздердің қолдарыңызда. Қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы қайғылы жағдайлардың алдын алуға болады.
Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы барша тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.