Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл игі шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Қала аумағында тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар тазартылуда. Ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды көбейту жұмыстары да қарқын алған. Бұл шараларға коммуналдық қызметкерлермен қатар еріктілер, жастар ұйымдары және қала тұрғындары белсенді қатысуда.
«Таза Қазақстан» бастамасы тек тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Оның аясында тұрғындарға экологиялық тәрбие беру, қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру және табиғатты аялауға шақыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру – маңызды міндеттердің бірі.