Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға ескертеді

Көктем мезгілінде қардың жаппай еруі, өзен-көлдердегі мұздың бұзылуы және жауын-шашынның көбеюі салдарынан су тасқыны қаупі артады. Осыған байланысты тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз.
Көктемгі су тасқыны кезеңіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары
1.Аула мен үй маңын дайындау
•Ауладағы қарды, мұзды және судың ағуына кедергі келтіретін заттарды тазалау.
•Су ағатын арықтарды, арықшаларды ашып, олардың бітеліп қалмауын қадағалау.
•Жертөле мен үйдің төменгі бөліктерін су басудан қорғау үшін қажетті шаралар қабылдау.
2.Қауіпті аймақтардан сақ болу
•Өзен-көл жағалауларына, су басу қаупі бар аймақтарға бармау.
•Мұз үстіне шығуға және балалардың мұз үстінде ойнауына жол бермеу.
•Көпірлер мен өткелдерде сақтық шараларын сақтау.
3.Балалардың қауіпсіздігі
•Балаларды қараусыз қалдырмау.
•Оларға су тасқыны кезіндегі қауіп-қатер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
4.Төтенше жағдай туындаған кезде
•Дабыл немесе ескерту берілген жағдайда сабыр сақтап, жергілікті атқарушы органдар мен құтқару қызметінің нұсқауларын орындау.
•Қажет болған жағдайда құжаттарды, дәрі-дәрмектерді, жылы киімдерді және алғашқы қажетті заттарды алдын ала дайындап қою.
5.Электр және газ қауіпсіздігі
•Су үйге кірген жағдайда электр құралдарын пайдаланбау.
•Газ және электр желілерін уақытылы өшіру.
Қосымша ұсыныстар
•Көршілеріңізбен өзара байланыс орнатып, бір-біріңізге көмек көрсетуге дайын болыңыз.
•Үй жануарларын қауіпсіз жерге көшіру шараларын қарастырыңыз.
•Қауіп төнген жағдайда дереу құтқару қызметіне хабарлаңыз.
Төтенше жағдай орын алған немесе қауіп байқалған жағдайда 112 бірыңғай құтқару қызметінің нөміріне хабарласу қажет.
Құрметті тұрғындар!
Өз қауіпсіздігіңіз бен жақындарыңыздың амандығы үшін аталған талаптарды қатаң сақтаңыз. Су тасқыны кезеңінде сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі.
Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

Тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

13:30
20

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020