Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады

Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Қазақстанда референдум комиссияларын дайындау бойынша ауқымды жұмыс аяқталды
ОРК: референдумға ұйымдастырушылық және кадрлық дайындық толық аяқталды
Референдумды байқау үшін 256 ұйым аккредиттелді
256 қоғамдық ұйым референдум учаскелеріне өз өкілдерін жібере алады
Референдум күні ОРК әр екі сағат сайын тікелей эфирге шығады
Референдум күні әр екі сағат сайын дауыс беру барысы туралы ақпарат беріліп отырады
Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында хабарланды.
«Барлық деңгейдегі референдум комиссиялары дайындық жұмыстарын аяқтады. Қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар жүргізілді, комиссиялардың қызметіне әдістемелік қолдау қамтамасыз етілді, дауыс беру рәсімдерін қолдану мен референдум туралы заң талаптарын сақтауда бірыңғай тәсіл қалыптастырылды. Бұл біздің республикалық референдумды өткізуге және оны заң талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастыруға толық дайын екенімізді айтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Нұрлан Әбдіров.
Дайындықтың негізгі бағыттарының бірі комиссия мүшелерін оқыту болды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 13 наурызда оқытудың қорытынды кезеңі аяқталды. Жедел ақпаратқа сәйкес дайындық барысында 5800-ден астам оқыту семинары өткізіліп, оған әртүрлі деңгейдегі комиссиялардың 71 мыңнан астам мүшесі қатысты. Дайындық деңгейін қосымша бағалау мақсатында қашықтан онлайн-тестілеу ұйымдастырылды.
ОРК Төрағасының айтуынша, іске асырылған каскадтық оқыту жүйесі ел бойынша комиссия мүшелерін даярлаудың бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Референдумға дайындық аясында заңнамада көзделген байқау жүргізуге қажетті жағдайлар қамтамасыз етілді. Референдум учаскелерінде болуға құқығы бар өкілдері қатыса алатын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу жүргізілді. Бүгінгі таңда 256 ұйым аккредиттелді, оның ішінде 11-ін Орталық референдум комиссиясы, ал 245-ін аумақтық комиссиялар аккредиттеді.

Отырыс соңында дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы дәстүрлі түрде тікелей эфирде бұқаралық ақпарат құралдарына ел бойынша дауыс беру барысы туралы әр екі сағат сайын ақпарат беріп отыратыны атап өтілді. Ақпарат берілетін нақты уақыт алдын ала жарияланатын болады.

15:27
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020