13–23 наурыз аралығында Қазақстан бойынша Наурыз мерекесіне орай республикалық «Наурыз-Fest» акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты – отандық тауар өндірушілерді қолдауға, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға жеңілдіктер беруге, сондай-ақ олардың халық үшін бағалық және физикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Акция аясында сауда желілерінде азық-түлік және тұрмыстық тауарларға жеңілдіктер ұсынылады, сондай-ақ сауда орталықтарында мерекелік фотозоналар ұйымдастырылатын болады.
Ұлытау облысында акция Жезқазған қаласындағы бірқатар сауда орындарында өтеді. Олардың қатарында:
«Шаруа » СҮ
«Дариға» СҮ
«Технодом» АҚ
«Самаз» супермаркеті
«Юникс» супермаркеті
«Органик» супермаркеті
«Акцент» супермаркеті
«Самади» супермаркеті.
Осы акция барысында бүгін Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Жасұлан Дәулетбаев, Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Серікболсын Сандыбаев және департамент мен басқарма мамандары аталған сауда орындарын жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге аралап көрді.