Биыл Социалистік Еңбек ері, даңқты шопан Шалғынбай Ынтықбаевтың (1936 – 2013 ж.ж) 90 жылдығы, жұбайы 12 бала тәрбиелеп өсірген, алтын алқа иесі, батыр ана Жақсыбала Жәкенқызының (1939 – 2017 ж.ж) 87 жылдығы.
Шалғынбай Ынтықбаев – 1936 жылы туған. 1952 жылдан 1995 жылға дейін үзіліссіз 43 жыл қой бағып, елдің, жердің өркендеуі жолында қалтқысыз қызмет етті. Сонау Советтік дәуірдің өзінде Еңбек Қызыл Ту, екі мәрте Ленин орденімен, әлденеше медаль, грамоталармен марапатталған, Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген. Жаңаарқа ауданының құрметті азаматы. 1963-1973 жылдар аралығында Қарағанды облыстық кеңесіне депутат болып сайланған. Республикалық, Одақтық ауылшаруашылығы пленумдары мен көрмелеріне делегат ретінде қатысқан.
Екінші дүниежүзлік соғыс басталғанда небәрі 5 жаста еді. Социалистік Еңбек ерін 28 жасында алған. Даңқты шопан туралы Ақселеу Сейдімбек пен Өмір Кәріпұлы қалам тербеген.
Мүшәйраның мақсаты: Шалғынбай Ынтықбаевтың азаматтық болмысын, елге, жерге сіңірген еңбегін өлеңмен насихаттау; ғұмыр жолын жас ұрпаққа өнеге ету; еңбек адамдарының қадір-қасиетін арттыру.
Мүшәйраның шарттары:
Мүшәйраның талабы бойынша ақын екі тақырыпта өлең ұсынуы керек. Бірінші – Шалғынбай Ынтықбаевқа арнау. Екінші – Шалғынбай Ынтықбаевтың туған өлкесіне арнау. Бірінші тақырыпқа баллада, немесе поэма ұсынуға рұқсат. Поэма 15 беттен аспауы тиіс (Word. Times New Roman. 14. Одинарный).
Жүлде қоры:
І орын – 1 000 000 теңге;
ІІ орын – 700 000 теңге;
ІІІ орын – 500 000 теңге.
Сәкен Сейфуллин, Ақселеу Сейдімбек, Сайлаухан Нәкенов атындағы арнайы жүлде – үшеу (300 000 теңге).
Өтінім беру шарттары:
Өтінімдер (шығармалар) makokudaibergenov@gmail.com электронды поштасына қабылданады. Шығармалармен бірге ақын жайлы қысқаша ақпарат қосымша берілуі тиіс (аты-жөні, төлқұжатының сканерленген нұсқасы, жұмыс, немесе оқу орны, ұялы телефонының нөмірі).
Әр тақырыпқа бір шығармадан жіберілуі тиіс.
Өтінімдер 2026 жылдың 11 мамырына дейін қабылданады.
Мүшәйраның қазылар алқасы үш күнде өлеңдерді іріктеп, жүлдегерлерді анықтайды.
Байқау қортындысы 2026 жылғы 31 шілде күні Жаңаарқа кентінде өтеді.
Мүшәйраға 18 бен 50 жас аралығындағы жазба ақындар қатыса алады.
Мүшәйраның талаптары:
Қазылар алқасы шығармаларды көркемдік деңгейіне қарай бағалайды.
Қосымша ақпарат:
Тел: 87087760532