Жұмыстар жалғасуда

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Ұлытау өңіріндегі жұмысы жалғасуда.

Өңірлік коалиция мүшелері Гулназ Гатиятова
мен Сабыржан Тембаев Жезқазған қаласындағы
Nº13 жалпы білім беретін мектептің ұстаздарымен кездесу өткізіп, жаңа Конституция жобасын
түсіндірді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында
білім саласына қатысты бірқатар маңызды өзгерістер
қарастырылғаны айтылды. Атап айтқанда, бұл
өзгерістер ұстаздардың мәртебесін көтеруге, білім мен ғылым саласын дамытуға және сапалы білім
беруге бағытталған.
Сонымен қатар, жиын барысында 15 наурыз күні өтетін референдумның маңыздылығы түсіндіріліп, ұстаздар қауымын ел болашағы үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырды.
#АтаЗаң
#ЖаңаКонституция
#референдум2026
14:43
20

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020