Соңғы жылдары елімізде саяси жүйені жаңғырту мен мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылып келеді. Бұл өзгерістердің негізінде елдің басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы аясында қолға алынған бастамалар жатыр.
Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, Парламенттің рөлін арттыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан өзгерістер қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді күшейтіп, халықтың шешім қабылдау процестеріне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді.
Мұндай бастамалар елдегі демократиялық қағидаттарды нығайтып, әділетті әрі ашық қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып саналады.