​Ұлытау облысының 8 ауылында соңғы бір жылда мүлде қылмыс тіркелмеген

Ұлытау облысында қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Соның айқын дәлелі — өңірдің 8 елді мекенінде соңғы бір жыл ішінде ешқандай қылмыстық құқықбұзушылықтың тіркелмеуі.

Атап айтқанда, Жаңаарқа ауданы аумағындағы Айнабұлақ, Орынбай және М.Жұмажанов ауылдарында соңғы бір жылда қылмыс фактілері тіркелмеген. Ал осы ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин ауылында Ұлытау облысы құрылған уақыттан бері бірде-бір қылмыс орын алмаған.

Сонымен қатар Ұлытау ауданы құрамындағы Сарлық селосы, Ақтас кенті және Пионер ауылдық округінде де өткен бір жылда қылмыс атаулы болмаған. Терісаққан ауылында да облыс құрылған сәттен бері ешқандай құқықбұзушылық тіркелмеген.

19:25
14

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020