Партияаралық диалог барысында Айдарбек Қожаназаров мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару жүйесінің сапасына, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігіне байланысты.
Спикер Жаңа Конституцияда көзделген өзгерістер басқару тетіктерін жетілдіруге, шешім қабылдау үдерісінің айқындығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік құрылымдардың қоғам алдындағы есептілігін күшейтуге бағытталғанын атап өттін. Бұл шаралар мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттырып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді.
«Құқықтық реформалар мемлекеттік басқарудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге тиіс. Ашықтық, әділдік және жауапкершілік қағидаттары нақты іске асқанда ғана қоғам мен билік арасындағы өзара сенім артады. Ал сенім – кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының басты факторы», – деді ол.