Бүгін Сәтбаев қаласында «Ұлытау жастары Жаңа Конституцияны қолдайды» тақырыбында өңірлік жастар форумы өтті. Ауқымды шара Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында ұйымдастырылды.
Форумның басты мақсаты – жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, Жаңа Конституция жобасының негізгі нормаларын кеңінен түсіндіру және әділетті, прогрессивті Қазақстан құру жолындағы ортақ құндылықтарды насихаттау.
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының жоспары асында өткен іс-шараға өңірдің белсенді жастары, өндірістік кәсіпорындардың жас мамандары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар бірлестіктері мен қала тұрғындары қатысып, барлығы 500-ге жуық адам жиналды.
Форум барысында спикерлер Жаңа Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, жастар саясатын қолдау бағытындағы басымдықтарына тоқталды. Сонымен қатар интерактивті форматтағы пікірталастар, викториналар және мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенді араласуына мүмкіндік жасалды.
Сондай-ақ еңбек қатынастары, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер түсіндірілді. Қатысушыларға азаматтардың еңбек құқықтары, тегін білім алу мүмкіндіктері және кепілдендірілген медициналық көмек жөнінде нақты ақпарат берілді.
Шара қорытындысында жастар Жаңа Конституцияны қолдау – ел болашағына жасалған маңызды әрі жауапты қадам екенін атап өтті. Форум өңір жастарын біріктіріп, құқықтық мәдениетті арттыруға және азаматтық жауапкершілікті күшейтуге серпін берді.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз #АтаЗаңдыҚолда