2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды

ҚР ЕХӘҚМ кеңейтілген Алқа отырысында әлеуметтік-еңбек саласындағы 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер туралы айтылды

Астанада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысы өтті. Қатысушылар 2025 жылғы мемлекеттік саясатты іске асыру қорытындыларын шығарып, әлеуметтік-еңбек саласын дамытудың 2026 жылға арналған негізгі векторларын айқындады. Басты назарда – сапалы жұмыс орындарын құру, адами капиталды дамыту және мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін орындау болды.
Алқа отырысы Премьер-Министрдің орынбасары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өтті. Отырысқа ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ҚР ЕХӘҚМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік әріптестер қатысты.
Отырысты аша отырып, ведомство басшысы Асқарбек Ертаев Министрлік жұмысының Бас стратегиялық басымдығы халықтың Нәтижелі жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру болып табылатынын атап өтті.
Қосымша баяндамашылар: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Мейрамбек Ахметов және «МӘСҚ» АҚ президенті Алмас Құрманов өздерінің салалық бағыттары бойынша толыққанды баяндама жасады.
Күннің екінші жартысында Алқа жұмысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттері басшыларының қатысуымен бейінді панельдік сессиялар форматында жалғастырылды.
Ашық және сындарлы диалог барысында қатысушылар басшылық қойған міндеттерді егжей-тегжейлі талқылады, алдағы қызметтің басым бағыттарын айқындап, оларды өңірлерде тиімді іске асыру бойынша практикалық тәжірибемен алмасты. Бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау сапасын арттыру және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
18:50
25

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020