Бүгін Ұлытау өңіріне жалпыұлттық коалиция мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Серік Шайдаров және Советбек Медебаев арнайы келіп, бірқатар кездесулер өткізді.
Алғашқы кездесу Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы қабырғасында өтті. Жиынға жалпыұлттық коалицияның Ұлытау өңірлік филиалының төрағасы Бауыржан Шынғысов, облыстық мәслихат депутаттары мен коалиция мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Сенат депутаттары жаңа Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістерге тоқталып, оның ел дамуы үшін маңызын кеңінен түсіндірді.
«Жаңартылған Конституцияның
3-бабында адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту
мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде ресми танылатыны көрсетілген.
Мәселен, мұндай тезис білімді табиғи ресурстардан жоғары қоятын іргелі ілгерілеуді
білдіреді. Жастар үшін бұл білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулерге
арналған гранттарды басым бюджеттік қаржыландыруды және әлемдік деңгейдегі
оқыту үшін инфрақұрылым құруды білдіреді, өйткені прогресс пен білім
құндылықтары енді жоғары құқықтық деңгейде қорғалған”,-деп атап өтті Серік Жаманқұлұлы.
Сондай-ақ, ұстаздар қауымын 15-наурыз күні өтетін референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Жұмыс сапары аясындағы келесі кездесу Сәтбаев қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жалғасты. Спортшылармен және жаттықтырушылармен өткен жүздесуде де Жаңа Конституция жобасының басым бағыттары талқыланып, алдағы референдумға бір кісідей қатысу қажеттігі атап өтілді.