Геопорталдың ақпараттық жүйесі аясында облыстың бірыңғай порталы іске қосылды

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!

Геопорталдың ақпараттық жүйесі аясында облыстың бірыңғай порталы іске қосылды.

Порталдың негізгі мақсаты — облыс әкімдігі, ведомстволық бағынысты ұйымдар және бизнес қауымдастығы ұсынатын қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша қолжетімді әрі тиімді форматта ұсыну.

Бүгінгі таңда портал аясында келесі бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде:
• коммуналдық қызметтерді автоматтандыру;
• зираттарды түгендеу және жерлеу қызметтерін цифрландыру;
• инвесторларға арналған сервистерді дамыту;
• отбасылық зорлық-зомбылық фактілері бойынша өтініштерді қабылдау;
• сайлау учаскелерін анықтау қызметі;
• жасыл желектерге қатысты өтініштерді қабылдау;
• экстракорпоралдық ұрықтандыру бойынша субсидиялау қызметтерін автоматтандыру.

Бірыңғай портал — тұрғындар мен бизнес үшін мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдететін заманауи цифрлық алаң.

Облыстың цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Аталған қызметтің барлығын тұрғындар келесі сілтеме арқылы пайдалана алады: iulytau.kz

13:34
16

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020