Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық құжат. Ол қоғам сұранысына жауап беріп, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған. Конституциялық өзгерістер билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті сақтауға, Парламенттің рөлін күшейтуге және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашты.
Референдум арқылы қабылданған бұл өзгерістер халықтың саяси белсенділігін арттырып, демократиялық қағидаттарды нығайтты. Азаматтардың тікелей дауыс беруі – ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам. Бұл – қоғам мен билік арасындағы сенімді арттырудың тиімді тетігі.

Жаңа Конституцияда адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету басты назарға алынған. Мұндай реформалар Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақты дамуына негіз болып, Әділетті Қазақстан құруға бағытталған нақты қадам болып табылады.

14:39
24

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020