Қазақмыс Ұлытау облысының дамуына 20 млрд теңгеден астам қаражат бөледі

Ұлытау облысының әкімдігі мен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Маңызды құжат аясында 20 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Құжатқа Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қол қойды. Серіктестіктің жаңа кезеңі денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы жобаларды, өңір инфрақұрылымын жаңғыртуды, абаттандыру жұмыстарын және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруды қамтиды.

Меморандум аясында Ұлытау университетін ашу көзделген. Сондай-ақ биыл өңірдегі ең ірі жаңа орталық мешітті (Жезқазған қаласы), Сәтбаев қаласындағы жаңа травматологиялық пунктті аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек, өңірде теңдесі жоқ «Намыс» балалар-жасөспірімдер спорт академиясы» спорт кешені 150 орындық спорт интернатымен бірге іске қосылады.

Оған қоса, Жезқазғанда «Жастар» саябағын, «Ғарышкерлер» бақжолын және Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. С.Қожамқұлов атындағы театр ғимаратын да күрделі жөндеу жоспарланған.

Бастамалар қатарында «Ulytau» футбол клубын қаржыландыруды жалғастыру да қарастырылған.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсету мақсатында облыстың сумен жабдықтау, су бұру және энергиямен қамту жүйелерін жаңғыртуға арналған бірқатар жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.

18:34
20

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020