ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатындағы іс-шара

Полиция басқармасы мен қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатында арнайы кездесу өткізілді. Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, білім және мәдениет саласының мамандары, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты. 

Қатысушылар Конституцияға енгізілген жаңа нормалар мен реформалардың маңыздылығын жан-жақты қарастырды. Әсіресе, құқықтық жүйені жетілдіру, билік тармақтарының теңгерімін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері басты назарға алынды. Полиция басқармасының өкілдері тұрғындарды заңдар мен реформалардың мазмұнымен таныстырып, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар туралы айтып берді.

Кездесу барысында қоғам мен билік арасындағы ашық диалогқа ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар реформалардың тұрғындарға әсерін, құқықтық сауаттылықты арттыру жолдарын және ақпараттық түсіндіру іс-шараларын жүйелі жүргізу жолдарын талқылады. Сонымен қатар, кездесу қорытындысы бойынша жергілікті мекемелерде, білім беру және мәдениет саласында, қоғамдық орындарда ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жоспары жасалды

17:12
21

«Сарыарқа газеті редакциясы» ЖШС
Қазақстан, Жезқазған қ., Есенберлин 63/3
Телефон: 8 (7102) 20-19-88

Яндекс.Метрика

ТОО «Редакция газеты Сарыарка» © 2020