Жезқазған қалалық мәслихатының және қалалық Қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен «Конституциялық реформа-ел дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында отырыс өтті. Аталған жиынды ашып, жүргізіп жаңа Конституция мәтінінің негізгі ерекшелігі – адам құқықтарына басымдық берілуінде екенін атап өттім.
Кездесуге Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Ербол Кусаинов, Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуроры Жасұлан Қонарбаев және аға прокуроры Уәлихан Сырлыбай, Ұлытау облысы бойынша адамдар құқықтары жөніндегі уәкілі Аманжол Каримов, РҚБ “Халықаралық медиация орталығы” Ұлытау облысы бойынша өкілдік директоры Жұлдыз Есмурзина, Жезқазған қаласы полиция басқармасының басшысы м.а. Асқар Дюсебаев, қалалық Қоғамдық кеңес төрағасы Сабыржан Тембаев, Қоғамдық кеңес мүшелері Светлана Оңғарбаева, Серік Әубәкір, Ақансері Сүлейменов қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар Конституциялық реформаның маңызы, оның ел дамуындағы жаңа кезең екені жөнінде мазмұнды баяндамалар жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.