2026 жылғы 17 ақпан күні желілік кестеге сәйкес, Жәйрем кенті әкімі К. Жансагимовтың Жәйрем кен байыту комбинаты АҚ еңбек ұжымымен кездесуі өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасына қатысты еңбек ұжымы арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жоспарланып отырған конституциялық өзгерістердің мәні мен мазмұнын ашып көрсету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасы кеңінен талқыланып, оның негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Конституциялық өзгерістердің маңыздылығы, олардың ел дамуына ықпалы, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.